Pular para o conteúdo
Publicidade

Марқа 8

Мәсіхтің төрт мыңнан астам адамды тамақтандыруы

1 Сол күндері қайтадан халық көп жиналып, жейтін тамақтары болмады. Иса шәкірттерін қасына шақырып:

2 — Халыққа жаным ашиды. Олар үш күннен бері қасымда болып, жейтін азықтары қалмады. 3 Оларды аш күйлерінде үйлеріне қайтарып жіберсем, жолшыбай әлсіреп, құлап қалар. Ал бірқатары тым қашықтан келді, — деді. 4 Шәкірттері:

— Осы құлазыған айдалада бұларды тамақтандыруға жететін нанды қайдан табуға болады? — деп жауап берді. 5 Иса:

— Қанша нандарың бар? — деп сұрағанда, олар:

— Жеті күлше, — деді.

6 Сонда Иса жұртқа жерге жайғасуға бұйырды. Жеті күлшені қолына алып, шүкірлік етті. Оларды адамдарға тарату үшін үзіп-үзіп, шәкірттеріне берді. Олар халыққа үлестірді. 7 Бірнеше кепкен ұсақ балықтары8:7 Яки: Бірнеше тұздап кептірілген шабақ (6:38). да болды. Иса оларды да алып, шүкірлік етіп, жұртқа үлестіруге бұйырды. 8,9 Осылай шамамен төрт мыңдай отбасы8:8-9 Немесе: ер адам. (Сонымен қатар әйелдер мен балалар да тамақтанды: Мат 15:38.) тамақтанып, тойып алды. Кейін қалдықтарды жинап алғанда, жеті үлкен себет толды. Соңынан Иса халықты таратып жіберді.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também