Pular para o conteúdo
Publicidade

Марқа 8

Бетсайдадағы зағиптың көзінің ашылуы

22 Сонымен олар Бетсайда қаласына жетті. Сонда адамдар бір соқыр кісіні алып келіп, Исадан оған қолын тигізіп сауықтыруын өтінді. 23 Иса осы зағипты қолынан ұстап, ауылдан жетелеп шықты. Оның көзіне бір түкіріп, үстіне қолын қойып:

— Бір нәрсе көріп тұрсың ба? — деп сұрады. 24 Әлгі кісі көз тігіп:

— Адамдарды көріп тұрмын! Олар жүріп бара жатқан ағаш діңдеріне ұқсайды, — деді. 25 Иса зағиптың көздеріне қайтадан қолын тигізіп, қарауға бұйырды. Сонда оның көзі ашылып, бәрін де анық көрді. 26 Иса оған:

— Мына ауылға кірме (ондағы ешкімге болған оқиға туралы тіс жарма)! — деп ескертіп, үйіне қайтарып жіберді.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também