Pular para o conteúdo
Publicidade

Марқа 8

34 Бұдан кейін Иса халықты және Өзінің шәкірттерін қасына шақырып алып, оларға мынаны айтты:

— Маған еріп шәкіртім болғысы келген әркім өз еркі бойынша өмір сүруін қойсын, әрі айқышын арқалаған кісідей азапты өлімге дайын болып Менің жолыммен жүрсін!8:34 Яки: шәкіртім болғысы келген әркім өз мүддесінен бас тартып, айқышын көтеріп алып Менің соңымнан ілессін (Мат 16:24; Лұқ 9:23; Флп 3:10-11; Ғал 2:20).35 Себебі кім өмірімді сақтаймын десе, одан айырылады,8:35 Яки: кім (бұ дүниедегі) өмірімді сақтаймын десе, (шынайы) өмірден құр қалады (Мат 10:39; Лұқ 9:24; Евр 10:39). ал өмірін Мен үшін және Ізгі хабар үшін қиған әркім оны (мәңгі) аман сақтап қалады.

36 Адам бүкіл дүниеге ие болып, сол себепті (мәңгілік) өмірінен айырылса, бұдан оған не пайда? 37 Адам өз өмірі үшін қандай құн төлей алады?8:37 Яки: өз жаны үшін қандай төлем бере алады? (Жыр 48:8-10; Мат 16:26)38 Себебі кім осы опасыз, күнәкар ұрпақ арасында Мені және айтқан сөздерімді танудан бас тартса, Мен де Билеуші ретінде Әкемнің салтанатты ұлылығымен Оның қасиетті періштелерін ертіп көктен қайтып келген кезімде8:38 13:26. сол адамды танудан бас тартамын.8:38 Яки: кім Менен және сөздерімнен ұялса, Мен де... қайтып келген кезімде сол кісіден ұяламын (демек, оны өз шәкіртім деп мойындамаймын: Мат 10:32-33; Лұқ 9:26; 12:8-9).

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também