8 Әлде адамның Құдайдан ұрлауына бола ма? Алайда сендер Менен ұрлайсыңдар! «Сенен қалайша ұрлайды екенбіз?» деп сұрасаңдар, жауабым мынау: Өнімнің он бөлігінің бірін3:8 (1:8,13; Заң 12:6; 14:22; Нех 13:5,11-12) Яки: Өнімнің оннан бір бөлігін. және өзге де тиесілі сый-тартуларды бермеулерің арқылы! 9 Сендердің барлығың, бүкіл халқың да қарғысқа ұшырадыңдар!3:9 2:2; Заң 11:26-28; 28:20. Себебі сендер Менен ұрлап жатырсыңдар!
10 Киелі үйімде әрдайым тамақ болуы үшін қоймама өнімнің он бөлігінің бірін толықтай алып келіңдер! Менің не істейтінімді осы арқылы сынап көріңдер! — деп ұсынады Әлемнің Иесі. — Сонда Менің аспаннан мол жауын-шашын жаудырып, сендерді жарылқауымның ағыл-тегіл болатыны соншама, оның бәрін жайғастыратын орындарыңның да болмай қалғанын көресіңдер!