Pular para o conteúdo
Publicidade

Малахи 4

Жаратқан Иенің ұлы да қорқынышты соты күні

1 — Сот күні еш шүбәсіз келе жатыр! Ол лаулап жанған пешке ұқсамақ. Сол кезде барлық өркөкіректер мен зұлымдық жасаушылар сабан іспетті болады. Осы келе жатқан күн оларды өртеп жібереді! — деп нық айтады Әлемнің Иесі. — Олардың бірде-бір тамырын да, бұтағын да қалдырмайды! 2 Бірақ Менің есімімді терең қастерлейтін сендерге ақталу сыйлайтын күн шығады,4:2 Иш 45:8; 46:13; 53:5; 60:1,19. оның сәулесінің аясында жандарың сауығады. Сонда сендер қорадан шығып, секіріп ойнайтын торпақтардай азат жүресіңдер.

3 Сол кезде зұлымдарды таптап тастайсыңдар. Мен осының бәрін іске асырған күні олар табандарыңның астындағы күл сияқты болады, — дейді Әлемнің Иесі.

4 Хориб тауында өз қызметшім Мұса арқылы бүкіл Исраилге тапсырған Таурат заңындағы ережелер мен шешімдерімді естеріңде сақтаңдар!

5 Біліп қойыңдар, «Жаратқан Иенің ұлы да қорқынышты соты күні»4:5 4:1; Жое 2:31. келмес бұрын Мен сендерге Ілияс пайғамбарды жіберемін. 6 Ол әкелерді балаларымен, балаларды әкелерімен шын жүректен татуластыратын болады. Ал егер олар мойынсұнбаса, Мен келіп, бүкіл елді қарғап, қиратамын.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também

Malaquias
Ver todos os capítulos de Malaquias