Pular para o conteúdo
Publicidade

Матай 1

Құдай уәде еткен Құтқарушы Патшаның ата-тегі

1 Ыбырайым атаның1:1 Ыбырайым ата: Исраил халқының түп атасы. Жаратқан Ие ол арқылы барлық ұлттарды жарылқауға уәде берген (Жар 12:1-3). ұрпағы Дәуіт патшаның әулетінен шыққан Иса Мәсіхтің ата-тегінің шежіресі1:1 Яғни Иса Мәсіхтің өгей әкесі Жүсіптің шыққан ата-тегінің шежіресі (1:16,18). (Иса: 1:21; Мәсіх: Құдай жіберуге уәде еткен Құтқарушы Патша; Түсіндірмедегі «Иса», «Мәсіх» және «Дәуіттің Ұрпағын» да қараңыз.) былай құралған:

2 Ыбырайымнан Ысқақ, Ысқақтан Жақып, Жақыптан Яһуда мен оның аға-інілері, 3 ал Яһудадан Парес пен Зарах туды, олардың анасы Тамар болатын. Парестен Хесрон, Хесроннан Рам, 4 Рамнан Әминадап, Әминадаптан Нағасон, Нағасоннан Салмон, 5 Салмоннан Боғоз тарады, оның анасы Рахаб болатын. Боғоздан Ғабит туды, оның анасы Рут еді. Ғабиттен Есей, 6 Есейден Дәуіт патша туды.1:6 Рут 4:22; Пат1 16:1,11-13; 17:12.

Дәуіттен Сүлеймен туды, оның анасы Ұрияның бұрынғы әйелі болатын.1:6 Пат2 12:24.7 Сүлейменнен Рохабоғам, Рохабоғамнан Абиях, Абияхтан Аса, 8 Асадан Жосапат, Жосапаттан Жорам, Жорамнан Ұзиях, 9 Ұзияхтан Жотам,1:9 Ұзиях Озия не Азариях, ал Жотам Жоқатам не Иоафам деп те аталатын (Шеж1 3:12). Жотамнан Ахаз, Ахаздан Езекия, 10 Езекиядан Манаса, Манасадан Амон, Амоннан Жосия, 11 Жосиядан Ехониях1:11 Немесе: Жосиядан Жохақым (яки Ехойәкім), ал одан Ехониях (Шеж1 3:15-16). пен оның аға-інілері тарады. Бұл, яһуди халқының көпшілігі Бабыл еліне жер аударылмас бұрын болған еді.1:11 Пат4 24:10-12,14-16.

12 Бабылға жер аударылғаннан кейін Ехонияхтан Салатиел, Салатиелден Зоробабел, 13 Зоробабелден Әбиуд, Әбиудтен Елиәкім,1:13 Пат4 18:18. Елиәкімнен Азор, 14 Азордан Садық, Садықтан Әкім, Әкімнен Елиуд, 15 Елиудтен Елазар, Елазардан Маттан, Маттаннан Жақып, 16 Жақыптан Мәриямның күйеуі Жүсіп тарады. Ал Мәриямнан Иса дүниеге келді, Ол Мәсіх («Құдай тағайындаған Құтқарушы Патша») деп те аталады.1:16 1:1; 2:4,6.

17 Осылай Ыбырайымнан Дәуітке дейін он төрт ата, Дәуіттен халықтың Бабыл еліне жер аударылғанына дейін де он төрт ата, жер аударылғаннан Мәсіхке дейін де он төрт ата болды.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também