Құтқарушы Патшаның дүниеге келуі
18 Иса Мәсіхтің дүниеге келуі былай болды: Оның анасы Мәриям Жүсіпке айттырылған еді. Ал екеуі әлі де қосылмай тұрғанда-ақ, Киелі Рухтың құдіретімен Мәриямның аяғы ауыр екендігі1:18 Лұқ 1:35. белгілі болды. 19 Болашақ күйеуі Жүсіп әділ кісі болғандықтан, қалыңдығын ел алдында ұятқа қалдырмау үшін ешкімге білдірмей келісімдерінен бас тартпақ болды. 20 Бірақ ол осыны ойлап жүргенде Жаратқан Иенің періштесі түсінде аян беріп:
«Дәуіттің ұрпағы Жүсіп, қалыңдығың Мәриямға үйленуден шошынба! Себебі құрсағындағы Баласы Киелі Рухтан. 21 Мәриям Ұл таппақ, Оның атын Иса1:21 Ешуа не Иесус деп те дыбысталатын осы есімнің мағынасы: «Жаратқан Ие — Құтқарушы» (Лұқ 1:31,68-69; Рул 27:18). деп қой! Себебі Ол халқын күнәларынан құтқаратын болады», — деді.