20 Бірақ ол осыны ойлап жүргенде Жаратқан Иенің періштесі түсінде аян беріп:
«Дәуіттің ұрпағы Жүсіп, қалыңдығың Мәриямға үйленуден шошынба! Себебі құрсағындағы Баласы Киелі Рухтан. 21 Мәриям Ұл таппақ, Оның атын Иса1:21 Ешуа не Иесус деп те дыбысталатын осы есімнің мағынасы: «Жаратқан Ие — Құтқарушы» (Лұқ 1:31,68-69; Рул 27:18). деп қой! Себебі Ол халқын күнәларынан құтқаратын болады», — деді.
22 Мұның бәрі Жаратқан Иенің (Ишая) пайғамбар арқылы алдын ала айтқанының жүзеге асуы үшін солай болды. 23 Ол былай деген: «Біліп алыңдар, пәк қыз құрсақ көтеріп, Ұл туады. Оған Имануил, яғни «Құдай бізбен бірге»,1:23 Яки: «Құдай бізге жар (бола гөр)» (Иш 7:14). деген ат қояды».
24 Жүсіп оянып, орнынан тұрғаннан кейін Жаратқан Иенің періштесінің бұйрығын орындап Мәриямға үйленді. 25 Ал Мәриям босанып, Ұлын тапқанша, Жүсіп онымен жақындасқан жоқ. Нәресте дүниеге келгеннен кейін Оның атын Иса деп қойды.1:25 1:21.