35 Сөйтіп (пайғамбардың алдын ала айтқан мына тәрізді сөздерін) жүзеге асыруға келдім: «Өз ұлы әкесіне, қызы шешесіне, келіні енесіне қарсы шығады. 36 Адамның дұшпаны өз үй іші болады».10:36 (Мих 7:6) Әлбетте, Мәсіх шынайы татулық пен тыныштықты орнатуды көздейді (Иш 9:6; Лұқ 2:14; Жох 14:27). Бірақ Құдайдың нұрында адамның әділетсіз ой-ниеті мен іс-әрекеті әшкереленгендіктен, қара ниеттілер ашуланып, әділдерге қарсы шығады (5:9-10; Лұқ 12:51-53; Жох 3:19-21; 15:18-19).
Publicidade