29 Қамытымды бірге киісіп,11:29 Немесе: Мойынтұрығымды бірге киісіп. (Жас көлік малды қамытқа үйрету үшін кәрі малмен бірге жегетініндей, шәкірті де Ұстазының тәжірибесі мен рухани күшінен тәлім алады. Сол заманда Таурат заңының ережелері «қамыт, мойынтұрық» деп те аталатын: 23:4.) үйреніңдер Өзімнен,
Өйткені жуас, кішіпейілмін шын жүректен,
Тыныштық табады сонда көңілдерің.
30 Себебі ыңғайлы — қамытым Менің,
Әрі жеңіл — жүктейтін міндеттерім».11:30 Немесе: Себебі Менің мойынтұрығым ыңғайлы, жүгім де жеңіл (Жыр 54:23; Жох1 5:3).