10 Сол жерде қолы семіп қалған12:10 Яки: қолы жансызданып қалған (Жох 5:3). бір адам да болды. Діншілдер Исаны айыптайтын сылтау іздеп, Оған:
— Демалыс күні болса да, ауруды сауықтыруға бола ма? — деген сұрақ қойды. 11 Иса оларға жауап беріп былай деді:
— Егер біреуіңнің жалғыз-ақ қойың болып, ол шұңқырға түсіп кетсе, демалыс күні болса да, шығарып алмас па едіңдер? 12 Ал адам қойдан әлдеқайда артық емес пе?!12:12 6:26; 10:31. Ендеше демалыс күні де жақсылық жасауға болады! — 13 Содан Иса әлгі кісіге: «Қолыңды созшы!» — деп бұйырды. Адам семіп қалған оң қолын созғанда, ол екіншісі сияқты бұрынғы сап-сау қалпына келді!