46 Иса әлі де халыққа сөйлеп тұрғанда, Оның шешесі мен туған бауырлары келіп, сыртта тұрып, Исамен тілдеспекші болды. 47 Сонда әлдекім Исаға былай деп хабарлады:
— Сыртта шешеңіз бен бауырларыңыз келіп, Сізбен сөйлесеміз деп тұр.
48 Алайда Иса осыны айтқанға жауап қайырып:
— Менің шешем, бауырларым кім екенін айтайын ба? — деді де, 49 қолын созып шәкірттерін нұсқап: — Міне, Менің «шешем» мен «бауырларым»! 50 Себебі көктегі Әкемнің еркін орындайтындар Маған бауыр, қарындас, шеше іспетті жақын,12:50 Яғни Менің рухани отбасым (23:8; 25:40; 28:10,20; Мар 3:35). — деді.