Pular para o conteúdo
Publicidade

Матай 13

Құдай Патшалығының өсіп, өркендеуі туралы астарлы әңгімелер

24 Иса халыққа тағы басқа бір астарлы әңгімені айтып берді: «Құдай Патшалығының орнауы мынаған ұқсайды. Бір адам егіндігіне жақсы тұқым себеді. 25 Жұрт ұйықтап жатқанда дұшпаны келіп, бидай арасына бидайықтың13:25 Бидайық көктеп шыққан кезде бидайға қатты ұқсайтындықтан екеуін бір-бірінен ажырату қиын. тұқымын шашып кетеді. 26 Бидай көктеп шығып, дән жинай бастағанда, әлгі арам шөп те өсіп шығады. 27 Сонда қызметшілері егіндіктің иесіне келіп:

— Мырза, жеріңізге сепкеніңіз жақсы тұқым емес пе еді? Онда бидайық қайдан шыққан? — деп сұрайды. 28 Ол:

— Мұны істеген дұшпан кісі, — деп түсіндіреді.

— Ендеше біздің сонда барып, отап тастауымызды қалайсыз ба?

29 — Жоқ, — деп жауап береді қожайын, — сендер бидайықты отаймыз деп, бидайды бірге жұлып тастарсыңдар. 30 Орылғанша бірге өсе берсін. Ал орақ кезінде егін жинаушыларға: Өртеп жіберу үшін алдымен арам шөптерді баулап, жиып алыңдар, ал бидайды жинап, қамбама құйыңдар! — деп бұйырамын».

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também