36 Бұдан кейін Иса халықты таратып, үйге кірді. Қасына келген шәкірттері: «Егіндіктегі арам шөп туралы астарлы әңгімені түсіндіріңізші», — деп өтінген соң, 37 Иса оларға былай деді: «Жақсы тұқым сепкен — көктен келген Билеуші.13:37 Яки: Құдай тағайындаған Билеуші («Адам Ұлы», яғни Мәсіхтің Өзі: 8:20; 9:6).38 Егіндік — осы дүние, жақсы тұқым — Құдай Патшалығының адамдары, ал бидайық — әзәзілдің адамдары.13:38 Немесе: шайтанның балалары (яғни оның жолымен жүріп, мінез-құлқын паш ететіндер: Жох 8:44-45).39 Сол арам шөптің тұқымын шашқан дұшпан — әзәзіл шайтан, орақ кезі — ақырзаман, ал орушылар — періштелер. 40 Жұрттың арам шөптерді жинап, өртеп жіберетіні сияқты, ақырзаманда да солай болады: 41 көктен келген Билеуші Өзінің періштелерін жібереді. Олар азғындық пен заңсыздық жасайтын адамдардың бәрін Оның Патшалығынан жинап алып, 42 жанып тұрған ошақ іспетті тозақ отына лақтырмақ. Сонда олар зар еңіреп жылап, қинала тістенетін болады-ау!13:42 Немесе: өкініп, бармақтарын тістейтін болады (8:12; Лұқ 13:28).43 Ал әділдер көктегі Әкелерінің Патшалығында күн сәулесіндей жарқырайтын болады.13:43 5:14,16; Нқл 4:18; Дан 12:3; Жох 5:35. Құлағы барлар жақсылап тыңдап алсын!»
Publicidade