Мәсіхтің бес мыңнан астам адамды тамақтандыруы
13 Мұны естігеннен кейін Иса оңаша болу үшін қайықпен елсіз бір жерге жөнелді. Ал бұл туралы біліп қалған халық сол маңайдағы қалалардан шығып, жаяу Оның соңынан ілесті. 14 Иса қайықтан түскенде, қарақұрым халықты көрді.14:14 Жох 6:5; Мар 6:34. Оларға жаны ашып, араларындағы ауру адамдарды сауықтырды.
15 Кеш түсе шәкірттері Ұстазының қасына келіп:
— Бұл — құлазыған дала, ал күн кеш болып кетті. Халықты таратып жіберіңіз. Олар жақын маңдағы ауылдарға барып, тамақ сатып алсын, — деген ұсыныс жасады. 16 Бірақ Иса:
— Кетулері қажет емес, оларға тамақты сендер беріңдер! — деп жауап қатты. Шәкірттер:
17 — Бізде тек бес күлше нан мен екі кепкен балық14:17 Сол жақтың жұрты тұздалып кептірілген балықты нанға қосып жейтін (7:10). қана бар, — деді. Иса:
18 — Соларды Маған алып келіңдер! — деп, 19 халыққа көгалдың үстіне жайғасып отыруды бұйырды. Мұнан кейін Иса бес күлше мен екі балықты қолына алып, көкке қарап тұрып шүкірлік етті.14:19 Яки: көктегі Әкесіне ризашылық білдіріп, (тамаққа) бата берді (26:26). Нанды үзіп-үзіп, шәкірттеріне бере берді, ал олар халыққа үлестірді. 20 Барлығы да жеп тойды.
Соңында олар нан үзімдері мен балықтан артылып қалғандарын жинап алғанда, он екі себет14:20 Яки: тоқыма қорап. толды. 21 Ал балалар мен әйелдерді есептемегеннің өзінде тамақтанған ер адамдардың жалпы саны бес мыңдай еді.