Мәсіхтің су бетімен жүріп, Петірдің де солай істеуге тырысуы
22 Бұдан кейін Иса дереу шәкірттеріне қайыққа мініп, Өзінен бұрын көлдің солтүстік жағасына өтуге бұйырды. Ал Өзі халықты таратып жібермек болып, сол жерде қалды. 23 Ол жұртты қайтарған соң (көктегі Әкесіне) оңашада сиынып мінажат ету14:23 (Лұқ 6:12; 9:28; Жох 6:15) Яки: ғибадат ету. үшін бір төбенің басына шықты.
Кеш түскенде Иса әлі де сол жерде жалғыз тұрды. 24 Ал қайық жағадан бірталай алыстап кеткен болатын. Сол кезде жел қарсы тұрып, толқындар қайықты соққылай бастады.
25 Таңғы сағат үш шамасында14:25 Немесе: Түнгі төртінші күзетте (яки таң атқанда: Мар 13:35; Түсіндірмедегі «Уақытты белгілеу жүйесін» де қараңыз). Иса шәкірттеріне көл бетімен жақындап келді. 26 Оның көл үстінде жаяу жүргенін байқап қалып, шәкірттерінің зәрелері ұшып: «Мынау елес!» — деп қатты қорқып, айқайлап жіберді. 27 Иса оларға дереу тіл қатып:
— Қорықпаңдар, бұл Менмін ғой! Үрейлерің ұшпасын! — деп көңілдерін орнықтырды. 28 Петір:
— Мырза, егер бұл Өзіңіз болсаңыз, онда маған су бетімен қасыңызға баруға бұйырыңызшы, — деп жауап берді. Иса:
29 — Кел! — дегенде, Петір қайықтан шығып, су үстімен Исаға қарай беттеді. 30 Бірақ қатты соққан желді байқап, қорқып кеткен ол суға бата бастады да:
— Мырза, мені құтқара көріңіз! — деп айқайлап жіберді. 31 Иса дереу қолын созып, демеп жіберіп:
— Әй, сенімі азым-ай! Неліктен (Менің құдіретіме) күдіктендің? — деді. 32 Екеуі қайыққа мінгенде жел де басылды. 33 Сонда қайықтағылар:
— Сіз шынымен де Құдайдың рухани Ұлысыз! — деп, Оған иіліп тағзым етті.