3 Исаның жауабы мынау болды:
— Ал сендер неге өз дәстүрлеріңе бола Құдайдың өсиеттерін бұзасыңдар?! 4 Құдай: «Ата-анаңды сыйла!» және «Егер біреу әкесін не шешесін жамандайтын болса,15:4 Немесе: әкесін не шешесін қарғайтын болса. ол өлтірілсін!» деп бұйырған еді ғой.15:4 Мыс 20:12; 21:17; Заң 5:16; Леу 20:9.5 Бірақ сендер адамның өз әкесіне не шешесіне: «Менен көрмек игіліктеріңізді мен Құдай жолына бағыштадым» деуіне рұқсат бересіңдер. 6 Осылай ол әке-шешесін сыйлап, парызын орындауға міндетті емес деп үйретесіңдер. Сөйтіп сендер өз дәстүрлеріңе бола Құдайдың бұйрығын жоққа шығардыңдар!15:6 Немесе: Құдайдың сөзінің (яки өсиеттерінің) күшін жойдыңдар! (15:4)