Pular para o conteúdo
Publicidade

Матай 15

32 Кейінірек Иса шәкірттерін қасына шақырып:

— Халыққа жаным ашиды. Олар үш күннен бері қасымда болып, жейтін азықтары қалмады. Оларды аш күйлерінде қайтарып жібергім келмейді: жолшыбай әлсіреп, құлап қалар, — деді. 33 Шәкірттері:

— Осы құлазыған далада соншама көп халықты тамақтандыруға жететін нанды қайдан табамыз? — деп жауап берді. Иса:

34 — Қанша нандарың бар? — деп сұрағанда олар:

— Жеті күлше мен бірнеше кепкен ұсақ балық15:34 Яки: бірнеше тұздап кептірілген шабақ (14:17). қана, — деді.

35 Сонда Иса жұртқа жерге жайғасуға бұйырды. 36 Жеті күлше мен балықтарды қолына алып, шүкіршілік етті де, үзіп-үзіп шәкірттеріне бере берді. Олар халыққа үлестірді. 37 Бәрі де тамақтанып, тойып алды.

Соңынан қалдықтарды жинап алғанда жеті үлкен себет толды. 38 Әйелдер мен балаларды есептемегеннің өзінде төрт мың ер адам тамақтанған болатын.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também