Иса шын мәнісінде кім?
13 Бірде Иса Філіп-Кесариясы16:13 Ливан тауларындағы қала, Філіп әміршінің астанасы (Мар 8:27; Лұқ 3:1). қаласының маңына барып, жеткеннен кейін, шәкірттеріне:
— Жұрт көктен келген Билеушіні кім деп жүр? — деген сұрақ қойды. 14 Олар:
— Біреулері Сізді шомылдыру рәсімін жасаған Жақия, ал басқалары Ілияс пайғамбар,16:14 Мар 8:28; 9:11-12. тағы басқалары Еремия немесе ежелгі пайғамбарлардың өзге біреуі деп жүр, — деді. 15 Сонда Иса:
— Ал сендер Мені кім дейсіңдер? — деп сұрады. 16 Шимон Петір:
— Сіз Мәсіхсіз, мәңгі тірі Құдайдың рухани Ұлысыз!16:16 4:3; Лұқ 1:35. — деп жауап берді.