5 Иса шәкірттерімен көлдің ар жағына өтті. Шәкірттер нан ала келуді ұмытып кеткен еді. 6 Иса оларға:
— Абайлаңдар, парызшылдар мен саддукейлердің16:6 16:1. «ашытқыларынан»16:6 Ашытқы: осында жалған тәлімді, Құдайға шын жүректен мойынсұнбаушылық пен екіжүзділікті білдіреді (16:1,4,12; Мар 8:15; Лұқ 12:1; 23:8-9). сақтаныңдар! — деп ескертті. 7 Шәкірттері өзара пікірлесіп:
— Бұны нанымыздың жоқтығынан айтқан шығар, — десті. 8 Иса оларын біле қойып, былай деп сұрады:
— Сенімі аздарым-ай, неге сендер нанымыз жоқ деп пікірлесіп отырсыңдар? 9 Жасағандарымды әлі де не түсінбей, не ескермей келесіңдер ме? Бес күлше нан бес мың адамға жетіп, қалдықтардан неше себет жинап едіңдер? 10 Әрі жеті күлше төрт мың адамға жетіп, артылып қалғаны қанша үлкен себет болды? 11 Менің сендерге: «Парызшылдар мен саддукейлердің ашытқысынан сақтаныңдар!» дегенімде нан туралы айтпағанымды қалайша ұға алмайсыңдар? — 12 Сонда шәкірттері Исаның нандағы ашытқыдан емес, парызшылдар мен саддукейлердің жалған тәлімдерінен сақтандырғанын түсінді.