Ғибадатхана садақасы және Құдайдың қамқорлығы
24 Олар Қапарнаумға келгенде, ғибадатхана үшін садақа ақшасын17:24 Яки: (құны жай жұмысшының екі күндік жалақысына тең болатын) садақа теңгелерін (Мыс 30:13; Шеж2 24:9). жинайтындар Петірге келіп:
— Ұстаздарың ғибадатхана садақасын төлемей ме? — деп сұрады. Ол:
25 — Иә, төлейді, — деді. Петір үйге кірген соң, Иса оның алдын орап:
— Шимон, қалай ойлайсың: осы дүниелік патшалар алым-салықты кімнен жинайды: өз халқынан ба, әлде бөтендерден бе?17:25 Сол заманда патшалар әдетте алым-салықты жаулап алған елдердің халқынан жинайтын (22:17,21; Рим 13:7). — деген сұрақ қойды.
26 — Бөтендерден.
— Сонымен өз халқы салықтан босатылған, — деп тұжырымдады Иса. 27 — Алайда әлгі садақа жинаушыларды өкпелетпеу үшін көлге барып, қармақ таста. Ілінген алғашқы балықтың аузын ашсаң, бір үлкен күміс теңгені17:27 Яки: аузын ашсаң, (құны төрт күндік жалақы) бір күміс теңгені. табасың. Соны алып, оларға сен екеуіміз үшін бере сал, — деп тапсырды.