Pular para o conteúdo
Publicidade

Матай 18

Күнәлі бауырласын тура жолға қайтаруға ұмтылу

15 Егер бауырласың18:15 Яғни басқа бір сенуші (18:35; 12:49; 23:8). саған қарсы күнә жасаса, оған барып, істегені туралы оңаша сөйлесіп, әшкереле. Егер де айтқаныңа құлақ асса, бауырласыңды қайтадан тапқаның. 16 Ал егер тыңдамаса, қасыңа бір-екі кісі ертіп алып, оған тағы бар. Осылай әрбір сөз екі не үш куәгердің айтқандарымен дәлелденсін.18:16 Заң 19:15; Жох 8:17; Қор2 13:1; Тім1 5:19.17 Егер де оларға да құлақ аспаса, бұл туралы сенушілер қауымына айтып бер. Ал егер қауымды да тыңдамаса, онда оған Құдайға мойынсұнбайтын басқа ұлт адамына не күнәкар салықшыларға қарағандай қара.18:17 Демек, онымен бұдан былай тығыз қатынас жасама (Жох2 1:10-11; Рим 16:17-18; Сал2 3:6,14-15).

18 Сендерге шындығын айтамын: жер бетінде тыйым салғандарыңды да, рұқсат еткендеріңді де көктегі Әкем бекітпек.18:18 Демек, егер сенушілер Құдай Рухының жетелеуіне толықтай мойынсұнса, шешімдері Оның еркіне сай келмек (16:19; Жох 20:23).19 Сендерге мынаны да айтамын: жер бетінде екеуің келісіп, қай нәрсені болса да көктегі Әкемнен сұрасаңдар, Ол соны бермек. 20 Өйткені екі-үш адам Менің атымнан жиналса, Мен де сол жерде араларында боламын.18:20 Яки: Маған сенуші екі не одан көп кісі Менің еркіме мойынсұнып сиынуға жиналса, Мен де солармен бірге боламын (28:19-20).

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também