29 Үй-жайын, бауырларын,19:29 Яки: аға-інісін, апа-қарындасын, әпке-сіңлісін. әке-шешесін, бала-шағасын не жер-суын Маған бола қалдырған әркімге қарымтасы жүз есе артығымен қайтарылады, әрі ол мәңгілік өмірге ие болады.19:29 Құдай адамдарға ата-анасын сыйлап, үй ішіне қамқорлық жасауды бұйырған (19:19; Тім1 5:4,8). Ал егер сенуші Құдайдан ерекше тапсырма алып не сенімге қас адамдардан қудаланып, ел-жұртынан қол үзуге мәжбүр болса, Құдай барлығын өз қамқорлығына алады, әрі сенушіге арнайы сыйын беретін болады (6:25-33; 25:46; Жох 5:28-29).
Publicidade