Жұмысшылардың жалақысы туралы астарлы әңгіме
1 Иса сөзін жалғастырып былай деді: «Құдай Патшалығындағы жайт мынау сияқты: бір қожайын таң сәріде жүзім бағына жұмысшы жалдау үшін үйінен шығыпты. 2 Жұмысшылармен күніне бір күміс теңгеден20:2 Немесе: бір денарионнан (демек, жай жұмысшының бір күндік жалақысынан). төлейтін болып келісіп, оларды жүзімдігіне жібереді. 3 Сағат тоғызда қожайын қайтадан үйінен шығып, базардан әлі де жұмыссыз тұрған басқаларды көргенде, 4,5 оларға:
— Сендер де жүзімдігіме барыңдар! Тиісті ақыларыңды төлеймін, — дейді.
Олар да сонда кетеді. Қожайын түскі сағат он екі және үш шамасында да солай істейді. 6 Соңғы рет сағат бесте барса, жұмыссыз тұрған тағы бірнеше адамды көріп, оларға былай деп тіл қатады:
— Неліктен сендер күні бойы бос тұрсыңдар?
7 — Бізді ешкім жалдаған жоқ.
— Онда сендер де жүзімдігіме барыңдар! — дейді қожайын.
8 Кешке ол шаруашылығын басқарушысына:
— Жұмысшыларды шақырып, жалақыларын төле. Ең соңғыларынан бастап, алғашқы барғандарымен аяқта, — деп тапсырады.
9 Сонда сағат бесте жалданғандар келіп, бір күміс теңгеден алады. 10 Алғашқы болып келгендер көбірек алармыз деп үміттенгенмен, оларға да бір-ақ күміс теңгеден тиеді. 11 Соны алған олар қожайынға өкпелеп:
12 — Соңғылар бір сағат қана жұмыс істесе, біз осындай ыстықта күні бойы жұмыс істедік. Дегенмен сіз бәрімізге бірдей ақы төледіңіз! — деп күңкілдейді. 13 Қожайын біреуіне жауап қайтарып:
— Достым, саған әділетсіздік жасаған жоқпын ғой. Әуел баста бір күміс теңгеге келіспеп пе едік?! 14 Ендеше ақыңды ал да кете бер. Соңынан жалданған мыналарға саған бергендей ақы төлеуді өзім қалап тұрмын. 15 Әлде менің меншігімді өз қалауымша жұмсауға еркім жоқ па?! Яки оларға жомарттық жасағанымды көре алмайсың ба? — дейді.
16 Осылайша соңғылар алдыңғы қатарға шығады, ал алдыңғы қатарлылар соңғылар болады!»20:16 Немесе: алдыңғы қатарлылар соңғылар болады! Өйткені шақырылғандар көп, ал таңдап алынғандар аз (22:14).