Pular para o conteúdo
Publicidade

Матай 20

Бір ананың тілегі және Мәсіхтің ізбасары болудың шарты

20 Сол уақытта Зебедейдің әйелі ұлдарын ертіп Исаның қасына келді. Әйел бір өтініш білдірмек болып Оған тізе бүгіп тағзым етті. Иса:

21 — Сіз не қалайсыз? — деп сұрады. Әйел:

— Патшалығыңызда осы екі ұлымның біреуіне оң, екіншісіне сол жағыңызда отыруды бұйырсаңыз екен, — деген тілек білдірді. 22 Алайда Иса жауап беріп:

— Не сұрап тұрғандарыңды ұқпайсыңдар! Мен (Құдайдың қаһарына толы) «тостағаннан ішпекпін». Ал сендер солай істей аласыңдар ма?20:22 Немесе: сендер содан іше аласыңдар ма? (Мұндағы «тостаған» Құдайдың адамзаттың күнәлары үшін Мәсіхке тартқызатын қаһарлы жазасын астарлап білдіреді: 26:39,42; Аян 16:1; 14:19-20; Иш 53:5-6,12; Жүн 2:2-6.) — деді. Екі шәкірт:

— Иә, істей аламыз, — дегенде, Иса:

23 — Мен ішетін «тостағаннан» сендер де ішетін боласыңдар. Бірақ оң мен сол жағыма отыруға тағайындау Менің қолымда емес. Көктегі Әкем кімге дайындаған болса, солар отырады, — деп сөзін аяқтады.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também