Pular para o conteúdo
Publicidade

Матай 20

Екі зағиптың көздерінің ашылып, Мәсіхке еруі

29 Иса шәкірттерімен Иерихон қаласынан20:29 Мар 10:46; Лұқ 18:35; сондағы түсініктемені де қараңыз. шыққанда, Оның соңынан халықтың үлкен тобы ілесті. 30 Сонда жол жиегінде отырған екі соқыр кісі қастарынан Исаның өтіп бара жатқанын естіп: «Тақсыр, Дәуіттің Ұрпағы, бізге рақым ете көріңіз!» — деп айқайлады. 31 Халық оларға ұрсып, үндемеуге бұйырды. Бірақ екеуі одан бетер айқайлап: «Уа, Тақсыр, Дәуіттің Ұрпағы, бізге рақым ете көріңіз!» — деп жалбарынды. 32 Иса тоқтай қалып, оларды қасына шақырып:

— Өздеріңе не істегенімді қалайсыңдар? — деп сұрады. Олар:

33 — Тақсыр, көзімізді аша көріңіз! — деп өтінді. 34 Иса оларға жаны ашып, көздеріне қолын тигізді. Сол сәтте-ақ көздері ашылып, көретін болды! Содан олар Исаға еріп жолға шықты.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também