15 Алайда басты діни қызметкерлер мен дін мұғалімдері Исаның жасаған тамаша істерін және балалардың ғибадатхана алаңында: «Дәуіттің Ұрпағы үшін Тәңір Ие мадақталсын!» — деп айқайлағанын21:15 21:9. көріп-естігенде, ашуланды. 16 Олар Исаға:
— Бұлардың не деп жатқандарын естіп тұрсыз ба?! — деп наразылықтарын білдірді.21:16 Лұқ 19:39; 23:2-3; Жох 11:47-48; 12:10,19. Ал Иса:
— Әрине, естіп тұрмын. Сіздер (Забурда) «Балалардың, кішкене бөбектердің аузымен Өзіңді дәріптетесің» деп жазылғанды21:16 Жыр 8:3; Мат 11:25. ешқашан оқымап па едіңіздер? — деп жауап қайтарды.