23 Саддукейлер22:23 (3:7; 16:1; Мар 12:18; Лұқ 20:47; Елш 23:6-8; Түсіндірмені де қараңыз.) Яки: Садықшылдар. өлімнен қайта тірілу жоқ дейтін. Сондықтан саддукейлер ұйымының кейбір мүшелері сол күні Исаға келіп, мына сұрақты қойды:
24 — Ұстаз, Мұса пайғамбар бізге (Тауратта) мынадай бұйрық берген: Егер үйленген біреу артынан бала қалдырмай өлсе, онда жесіріне ағасы не інісі үйленіп,22:24 Яки: ағасы не інісі әмеңгер болып (Заң 25:5-6; Рут 4:5). марқұм бауыры үшін ұрпақ қалдырсын! 25 Арамызда жеті ағайынды жігіт бар еді. Солардың тұңғышы үйленіп, соңынан бала қалдырмай өлді. Жесіріне екіншісі әмеңгер болып үйленді. 26 Ал мұнымен де, үшіншісімен де, тіпті жетеуінің бәрімен де дәл осы сияқты болды. 27 Ақыры бәрінің соңынан әйел де көз жұмды. 28 Ендеше, қиямет күні қайта тірілгенде әйел осы жетеудің қайсысынікі болады? Ол солардың бәрінің де әйелі болған еді ғой! — 29 Бірақ Иса былай жауап қайырды:
— Киелі жазбаларды және Құдайдың құдіретін ұқпағандықтан жаңылып жүрсіңдер! 30 Себебі өлімнен қайта тірілгеннен кейін адамдар әйел алмайды, күйеуге де шықпайды. (Сол жағынан) олар көктегі Құдайдың періштелері іспетті болады.22:30 Лұқ 20:35-36; Қор1 15:42-50.31 Ал өлгендердің қайта тірілуі жайында Құдайдың (Тауратта): 32 «Мен Ыбырайым, Ысқақ және Жақыптың Құдайымын»22:32 Мыс 3:6. дегенін оқымап па едіңдер? Демек, Ол — өлгендердің емес, тірілердің Құдайы!22:32 Егер ежелде қайтыс болған сенушілер о дүниеде тірі болмаса, онда Құдай «Кезінде Маған сенуші болған Ыбырайым, Ысқақ және Жақыптың Құдайымын» деген болар еді.
33 Мұны естіген халық Исаның тәліміне таңғалды.