Алдамшылардан сақтанып, Менің қайта оралуымды күтіңдер!
23 Сол кезде біреу сендерге: «Міне, Мәсіх мұнда!» немесе «Әне, Ол анда!» десе, иланбаңдар! 24 Себебі жалған «мәсіхтер» мен «пайғамбарлар» шығатын болады. Олар, мүмкін болса, Құдайдың таңдап алған адамдарын да алдап, теріс жолға адастыру үшін ғаламат кереметтер мен ғажаптарды көрсететін болады. 25 Байқаңдар! Мен сендерге мұны алдын ала айтып тұрмын.