Pular para o conteúdo
Publicidade

Матай 24

3 Кейінірек Иса Зәйтүн тауының басында отырғанда, бірнеше шәкірті оңашада қасына келіп:

— Бізге айтыңызшы, бұл қашан болады? Сіздің қайта келуіңіз бен ақырзаманның жақындап қалғанын қандай белгі білдірмек?24:3 Яки: қандай ерекше оқиға не құбылыс алдын ала білдірмек? (Мар 13:4; Лұқ 21:7) — деп сұрады. 4 Иса былай деп жауап берді:

— Сақ болыңдар, ешкім сендерді алдап, теріс жолға түсірмесін! 5 Себебі көп адамдар Менің атымды жамылып келіп: «Құтқарушы Мәсіх Менмін!» деп, көпшілікті алдап азғыратын болады.24:5 Мар 13:6; Лұқ 21:8; Жох1 2:18-19.6 Сендер жақын маңдағы шайқастар мен алысырақтағы соғыс жаңалықтары туралы еститін боласыңдар. Сонда абайлаңдар, зәрелерің ұшпасын. Олар болуға тиісті, бірақ заманның ақыры әлі де бұл емес.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também