42 Сондықтан сергек болыңдар: сендер Қожайындарыңның қай күні қайтып келетінін білмейсіңдер! 43 Мынаны еске алыңдар: егер үй иесі ұрының түннің қай мезгілінде түсетінін білетін болса, онда ол ұйықтамай, сергек болып, ұрының бұзып кіруіне жол бермес еді. 44 Сол сияқты, сендер де дайын болыңдар! Өйткені сендер күтпеген сәтте Мен Билеуші ретінде көктен қайтып келемін!24:44 Яки: Құдай тағайындаған Билеуші («Адам Ұлы») сендер ойламаған сағатта келеді! (24:27)
Publicidade