Адал және опасыз қызметшілер туралы мысал
45 (Иса сөзін одан әрі жалғастырып былай деді:)
— Адал да саналы қызметшідей болыңдар! Қожайыны бір қызметшісін үйіндегі өзге малайларының үстінен қарап, ас-суларын уақтылы беруге тағайындады. 46 Қожайыны қайтып келгенде оның өз міндетін атқарып жүргенін көрсе, сол қызметші бақытты! 47 Сендерге шын айтамын: оны бүкіл меншігін қараушы етіп тағайындамақ.
48 Ал егер әлгі қызметші жаман болып, іштей: «Қожайыным жуырда келе қоймас» деп, 49 өзге малайларды ұрып-соғып, маскүнемдермен бірге ішіп-жеп думандатса, 50 онда қожайыны күтпеген күні, ойламаған сәтте келіп, 51 оны аяусыз жазалап, екі жүзділердің кебінін кигізеді. Сонда ол зар еңіреп жылап, қинала тістенетін болады.24:51 Яки: оны кескілеп, екі жүзділердің тағдырына ұшыратады. Сонда ол (солармен бірге тозақта) зар еңіреп жылап, бармағын тістейтін болады (25:30).