Күйеу жігітті қарсы алмақ болған он қыз туралы астарлы әңгіме
1 Сол кезде Құдай Патшалығындағы жағдай мынаған ұқсас болады: он бойжеткен қолдарына шамдарын ұстап, күйеу жігітті қарсы алуға шығыпты. 2 Олардың бесеуі ақылды, бесеуі ақылсыз25:2 Яки: түйсіксіз (7:26; Лұқ 12:20). екен. 3 Ақылсыз қыздар шамдарын алғанмен, құятын артық май алмай шығады. 4 Ал ақылдылары шамға қоса майға толы құмыраларын да ала жүреді. 5 Күйеу жігіт ұзақ кешіккендіктен, барлығы қалғып, ұйықтап қалады.
6 Бірақ түн ортасында: «Күйеу жігіт келіп қалды! Қарсы алуға шығыңдар!» — деген дауыс естіледі. 7 Сонда қыздардың бәрі де орындарынан тұрып, шамдарын жөндейді. 8 Ақылсыздары ақылдыларына:
— Майларыңнан беріңдерші, шамдарымыз сөнейін деп жатыр, — дейді. 9 Ал олар:
— Бізге де, сендерге де жетпей қалғанша, өздерің сатушыларға барып, май сатып алғандарың жөн, — деп жауап береді. 10 Әлгілер майға кеткенде күйеу жігіт келіп, дайын тұрғандар онымен бірге тойға кіріп кетеді де, есіктер жабылып қалады.
11 Кейін майға кеткен қыздар да келіп:
— Тақсыр мырза! Есікті аша көріңіз! — деп өтінеді. 12 Ал күйеу жігіт оларға:
— Шын айтамын, сендерді танымаймын!25:12 Яки: (өз адамдарым ретінде) мойындамаймын (7:23; 25:41; Лұқ 13:25). — деп жауап береді.
13 Сондықтан сергек болыңдар! Себебі сендер Мен Билеуші ретінде көктен келетін күнді де, сәтті де білмейсіңдер.