Pular para o conteúdo
Publicidade

Матай 25

Күйеу жігітті қарсы алмақ болған он қыз туралы астарлы әңгіме

1 Сол кезде Құдай Патшалығындағы жағдай мынаған ұқсас болады: он бойжеткен қолдарына шамдарын ұстап, күйеу жігітті қарсы алуға шығыпты. 2 Олардың бесеуі ақылды, бесеуі ақылсыз25:2 Яки: түйсіксіз (7:26; Лұқ 12:20). екен. 3 Ақылсыз қыздар шамдарын алғанмен, құятын артық май алмай шығады. 4 Ал ақылдылары шамға қоса майға толы құмыраларын да ала жүреді. 5 Күйеу жігіт ұзақ кешіккендіктен, барлығы қалғып, ұйықтап қалады.

6 Бірақ түн ортасында: «Күйеу жігіт келіп қалды! Қарсы алуға шығыңдар!» — деген дауыс естіледі. 7 Сонда қыздардың бәрі де орындарынан тұрып, шамдарын жөндейді. 8 Ақылсыздары ақылдыларына:

— Майларыңнан беріңдерші, шамдарымыз сөнейін деп жатыр, — дейді. 9 Ал олар:

— Бізге де, сендерге де жетпей қалғанша, өздерің сатушыларға барып, май сатып алғандарың жөн, — деп жауап береді. 10 Әлгілер майға кеткенде күйеу жігіт келіп, дайын тұрғандар онымен бірге тойға кіріп кетеді де, есіктер жабылып қалады.

11 Кейін майға кеткен қыздар да келіп:

— Тақсыр мырза! Есікті аша көріңіз! — деп өтінеді. 12 Ал күйеу жігіт оларға:

— Шын айтамын, сендерді танымаймын!25:12 Яки: (өз адамдарым ретінде) мойындамаймын (7:23; 25:41; Лұқ 13:25). — деп жауап береді.

13 Сондықтан сергек болыңдар! Себебі сендер Мен Билеуші ретінде көктен келетін күнді де, сәтті де білмейсіңдер.

Аманатталған қаржы туралы астарлы әңгіме

14 Бұл жайт сапарға шықпақ болған бір кісінің әрекетіне ұқсас: ол кетер алдында қол астындағы қызметшілерін шақырып алып, оларға меншікті қаражатын аманаттап тапсырады: 15 әрқайсысына қабілетіне қарай, біреуіне бес, келесісіне екі, тағы біреуіне бір ат басындай25:15 Көне грекшеде: талантон. (Шамамен 30 кг күміс, бұл жай жұмысшының 20 жылдық жалақысы болатын.) күміс береді. Содан кейін сапарына аттаныпты. 16 Бес ат басындай күміс алған қызметші онысын дереу айналымға жіберіп, содан қосымша тағы бесеуін табады. 17 Екі ат басындай күміс алғаны да дәл солай істеп, қосымша тағы екеуін табады. 18 Ал бір ат басындай күміс алғаны қожайынының қаржысын бір жерге апарып, көміп тастайды.

19 Арада көп уақыт өткеннен кейін қызметшілердің қожайыны қайтып келіп, олардың есеп берулерін талап етеді.25:19 Лұқ 19:15; Қор1 3:13-15; Қор2 5:10.20 Бес ат басындай күміс алған қызметші тағы да бесеуін әкеліп тұрып, былай дейді:

— Мырзам, сіз маған бес ат басындай күміс беріп едіңіз. Міне, солардан тағы бесеу пайда түсірдім. — 21 Қожайыны оны мақтап:

— Жарайсың, жақсы да адал қызметшім! Шағын істе сенімді болдың, сені үлкен істердің басына қоямын. Енді қуанышты тойыма кел!25:21 Немесе: қожайыныңның қуанышына ортақтас! (Лұқ 12:37; Жох 15:10-11) — дейді.

22 Екі ат басындай күміс алғаны да келіп:

— Мырзам, сіз маған екі ат басындай күміс беріп едіңіз. Міне, солардан тағы екеу пайда түсірдім, — деп есеп береді. 23 Қожайыны оған да:

— Жарайсың, жақсы да адал қызметшім! Шағын істе сенімді болдың, сені үлкен істердің басына қоямын. Енді қуанышты тойыма кел! — дейді.

24 Ал бір ат басындай күміс алғаны келіп:

— Мырзам, сіздің қатал адам екеніңізді білдім. Өзіңіз екпеген жерден орып, шашпаған жерден жинайсыз. 25 Сондықтан қорқып, күмісіңізді жерге көміп тастаған едім. Мінеки, соныңыз, — дейді. 26 Қожайыны оған былай дейді:

— Әй, зұлым да жалқау қызметші!25:26 (18:32; Лұқ 19:22) Яки: оңбаған (жарамсыз) да жалқау қызметші. Менің екпеген жерден орып, шашпаған жерден жинайтынымды білдің ғой! 27 Сол үшін де күмісімді саудагерлерге қарызға беруің керек болатын. Сонда мен қайтып келгенде өзімдікін өсімімен қайтарып алатын едім.25:27 Жох 15:5,16; Пет2 1:8.28 Ендеше одан күмісін алып, он ат басындай күмісі барға беріңдер! 29 Себебі кімде бар болса, соған тағы беріліп, молая түседі. Ал кімде жоқ болса, оның өзімде бар дегені де25:29 Яки: оның қолында бар азы да (13:12; Лұқ 19:26; Нқл 13:7; Ош 12:8; Қор1 4:8; Аян 3:17). одан алынып қойылады.

30 Енді мына түкке тұрғысыз қызметшіні сыртқа, қара түнекке25:30 Яки: тозаққа (8:12; 22:13; Пет2 2:17). лақтырып тастаңдар! Сонда ол зар еңіреп жылап, қинала тістенетін болады.25:30 24:51.

Халықтардың ақырзамандағы сотталуы

31 — Құдай тағайындаған Билеуші25:31 Яки: Мен Өзім («Адам Ұлы»: 8:20; 9:6; 16:27). қасиетті періштелерін ертіп ғаламат ұлылықпен көктен келген кезде Өзінің салтанатты тағына отыратын болады. 32 Барлық халықтар Оның алдына жинап әкелінеді. Ол шопанның қойларды серкелерден25:32 Немесе: текелерден. ажыратқанындай адамдарды екі топқа бөліп, 33 «қойларды» оң жағына, «серкелерді» сол жағына қояды.

34 Сонда Патша оң жағындағыларға былай деп үкім шығарады:

— Әкем жарылқағандар, келіңдер! Әлем жаратылғаннан бері өздеріңе дайындалған Патшалықтан25:34 Лұқ 12:32. үлестеріңді алыңдар! 35 Себебі сендер Мен ашыққанда тамақ, шөлдегенімде сусын бердіңдер. Бейтаныс25:35 Яки: Жат жұрттық. болып баспана іздегенімде Мені үйлеріңе қабылдадыңдар. 36 Киімсіз жүргенімде киіндірдіңдер, ауырғанымда Маған қамқорлық жасадыңдар, түрмеде отырғанымда артымнан келіп тұрдыңдар.

37 Сонда әділдер Оған:

— Иеміз, қашан Сіздің ашыққаныңызды көріп, тамақтандырған едік? Немесе шөлдегеніңізде сусын берген едік? 38 Қашан бейтаныс болып баспана іздеп жүргеніңізді көріп, Сізді қабылдаған едік? Немесе киімсіз жүрген Сізді киіндірдік? 39 Қай кезде Сіз ауырып не түрмеде жатқаныңызда артыңыздан келіп тұрдық? — деген сұрақ қояды.

40 Патша оларға былай деп жауап береді:

— Сендерге шындығын айтамын: Менің мына бауырларымның25:40 Яки: мына рухани бауырластарымның (12:48-50; Жох 20:17; Елш 9:1,4-5). тіпті ең маңызсыз болып көрінген біреуіне жасаған жақсылықтарың — шын мәнінде Маған жасаған жақсылықтарың!

41 Бұдан кейін Патша Өзінің сол жағындағыларға да былай деп үкім шығарады:

— Менен аулақ кетіңдер, қарғыс атқандар! Шайтанға және оның хабаршыларына25:41 Яки: нөкерлеріне (яғни жын-перілерге) (Аян 12:9). дайындалған мәңгілік тозақ отына түсіңдер! 42 Себебі сендер Мен ашыққанда тамақ, шөлдегенде сусын бермедіңдер. 43 Бейтаныс болып баспана іздеп жүргенімде Мені үйлеріңе қабылдамадыңдар. Киімсіз жүргенімде киіндірмедіңдер, ауырып не түрмеде жатқанымда артымнан келмедіңдер. — 44 Олар да:

— Иеміз, біз қашан ашыққаныңызды не шөлдегеніңізді, бейтаныс болып баспана іздеп, киімсіз жүргеніңізді я болмаса ауырып не түрмеде жатқаныңызды көріп, Сізге көмектеспедік? — деп сұрайды. 45 Ол сонда:

— Сендерге шындығын айтамын: мыналардың ең маңызсыз болып көрінген біреуіне жасамаған жақсылықтарың — шын мәнінде Маған жасамаған жақсылықтарың! — деп жауап беретін болады.

46 Сонымен бұлар мәңгілік азап шегуге кетеді. Ал әділдер мәңгілік өмірге ие болады, — деді Иса.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também