Pular para o conteúdo
Publicidade

Матай 26

Мәсіхтің құрбандық өліміне жасалған даярлық

1 Иса осы сөздерін тамамдады да, шәкірттеріне: 2 «Екі күннен кейін Құтқарылу мейрамы26:2 (26:17; Мыс 12:1-16) Құтқарылу мейрамы: Түсіндірмені қараңыз. болатынын білесіңдер. Сонда адамдар көктен келген Мені айқышқа шегелеп26:2 Немесе: Сонда адамдар Құдай тағайындаған Билеушіні («Адам Ұлын»: 8:20; 9:6) айқыш ағашқа шегелеп. өлтіру үшін ұстап береді», — деді.

3 Сол уақытта елдің басты діни қызметкерлері мен рубасылары бас діни қызметкердің сарайына жиналып, 4 кеңес құрды. Олар Исаны айламен қолға түсіріп, өлтірудің жолын қарастырды, 5 бірақ: «Мұны мейрам күндері іске асыруға болмайды! Әйтпесе халық арасында бүлік шығып жүрер», — десті.

6 Ал Иса бұл кезде Бетанияда, бұрын алапеспен ауырған Шимонның үйінде болатын. 7 Сонда қолында аса бағалы иісмайға толы мөлдір тас26:7 Яки: алебастр. (Демек, ақ не түссіз мөлдір келетін гипс тәрізді минерал: Мар 14:3.) құтысы бар бір әйел Исаның қасына жақындап келді. Әйел иісмайды дастарқан басында жантайып жатқан Исаның басына құйды.26:7 Бұл құрметті қонаққа көрсетілетін ерекше қошемет болатын (26:10; Лұқ 7:46; Жох 12:7; Жыр 22:5; 44:8).

8 Шәкірттері осыны көргенде наразы болып:

— Неге мұндай ысырап? 9 Бұл иісмайды қымбат бағаға сатып, түскен ақшаны мүсәпірлерге үлестіруге болатын еді ғой! — десті. 10 Бірақ соларын ұға қойған Иса оларға қарсы шығып былай деді:

— Әйелді неге мазалайсыңдар? Ол Маған ерекше жақсылық жасады. 11 Мүсәпірлер әрдайым қастарыңда ғой, ал Мен ұдайы қастарыңда бола бермеймін. 12 Иісмайды құюы арқылы ол Менің денемді қабірге қойылуға дайындады. 13 Сендерге шын айтамын: қай жерде болмасын бүкіл дүние жүзінде бұл Ізгі хабар26:13 Жамандықтың құлдығынан құтқарылып, Құдай Патшалығына шақырылу туралы Ізгі хабар (4:23; 24:14; Мар 14:9; Рим 1:16-17). уағыздалғанда, осы әйелді де еске алып, істегенін айтатын болады.

14 Ал он екі елшінің Яһуда Исқариот есімді біреуі басты діни қызметкерлерге барып: 15 «Исаны қолдарыңызға түсірсем, маған не бересіздер?» — деп сұрады. Олар оған отыз күміс теңге26:15 Бір күміс теңге жай жұмысшының бір күндік жалақысы болатын. ұсынды. 16 Осы кезден бастап Яһуда Исаны оларға ұстап берудің қолайлы сәтін аңдыды.

Құтқарылу мейрамындағы ас

17 Ашымаған нан мейрамының26:17 Мыс 12:15-20; Түсіндірмедегі «Құтқарылу мейрамын» да қараңыз. бірінші күні шәкірттері Исаның қасына келіп:

— Мейрам асыңызды қай жерде әзірлеуімізді қалайсыз? — деп сұрады. 18 Иса оларға мынадай жауап берді:

— Қаладағы Мен айтқан адамға барып, оған былай деңдер: «Бұйырылған уақытым26:18 Мар 14:35,41; Жох 7:30; 8:20; 12:23; 13:1; 17:1. жақындап қалды. Мейрам салтын шәкірттеріммен бірге сенің үйіңде орындамақпын деп Ұстазымыз сәлем айтты». — 19 Шәкірттері Исаның тапсырғанындай істеп, мейрам асын даярлады.

20 Кеш түсе Иса он екі шәкіртімен бірге дастарқан басында жантайды. 21 Тамақ ішіп отырғанда Иса оларға қарап:

— Сендерге шындығын айтайын: араларыңдағы біреу Маған опасыздық жасайды,26:21 Яки: араларыңдағы біреу Мені дұшпандарға ұстап береді. — деді. 22 Олар еңселері түсіп, қатты абыржып бірінен соң бірі:

— Мырза, сол адам мен емес пе екенмін? — деп сұрай бастады.

23 — Табақтағы тұздыққа Менімен бірге бір үзім нанын батырып алып жатқан біреуің Мені ұстап бересің. 24 Көктен келген Мен Киелі жазбаларда Өзім туралы алдын ала айтылған жолмен жүремін. Алайда Мені ұстап беретін адам қасіретке қалады-ау! Сол кісі үшін ешқашан дүниеге келмегені жақсы болар еді! — деді Иса. 25 Оған опасыздық жасаған Яһуда да:

— Ұстаз, сол адам мен емес пе екенмін? — деп сұрағанда, Иса:

— Мұны өзің айтып тұрсың, — деп жауап берді.26:25 26:14-16,47-50; 27:3-5.

Мәсіхтің құрбан болуы — Жаңа Келісімнің негізі

26 Олар тамақ ішіп отырғанда, Иса қолына нан алып, шүкірлік етіп бата берді.26:26 Яки: көктегі Әкесіне ризашылық білдіріп, (тамаққа) бата берді (14:19). Нанды үзіп, шәкірттеріне беріп жатып:

— Алып жеңдер, бұл — Менің денем,26:26 Яки: денемді білдіреді. (Нанның үзіліп, үлестірілгеніндей, Исаның денесі адамдардың Құдаймен қатынасқа кіруі үшін біраздан кейін құрбан болды: 27:50-51; Иш 53:10-12; Евр 10:19-22; Қор1 11:25-26.) — деді.

27 Иса тостағанды да алып, шүкірлік етті. Оларға соны беріп жатып, былай деді:

— Мынадан бәрің де ішіңдер. 28 Өйткені бұл — күнәлары кешірілсін деп көптеген адамдар үшін төгіліп, (Жаңа) Келісімді бекітетін Менің қаным.26:28 Яки: Менің қанымды бейнелейді.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também