Мәсіхтің жалғыздығы және көктегі Әкесіне сиынып рухани күресуі
31 Жолшыбай Иса шәкірттеріне тіл қатып былай деді:
— Бүгін түнде бәрің де (басыма түсетін жайттарға бола) Менен безіп кетесіңдер.26:31 Немесе: бәрің де Маған сенуден бас тартып, безіп кетесіңдер (13:21; 26:56). Себебі (Пайғамбар жазбаларында мына тәрізді сөздер) жазылған: «Бақташыны» ұрып өлтіремін, сонда «отарындағы қойлары» бытырап кетеді.26:31 Зәк 13:7.