33 Осылай олар Ғолғота, яғни «Маңдайтөбе»,27:33 Немесе: «Бассүйек орны». деген жерге жетті. 34 Сонда Исаға ішуге өт қосылған сірке суын27:34 Немесе: өт қосылған шарап (27:48; Жыр 68:22). ұсынды, бірақ дәмін татқан соң Ол оны ішуден бас тартты.
35 Жасақшылар Исаны айқыш ағашқа керіп шегелеп, тік көтеріп қойды. Бұдан кейін Оның киімдерін жеребе тастап өзара бөлісіп алды.