51 Сол сәтте киелі үйдегі шымылдық27:51 Бұл шымылдықпен киелі үйдегі ең қасиетті орын, яғни Құдайдың жер бетіндегі тұрағы, жабылып, адам көзінен тасаланатын (Мыс 26:33; 40:34-35; Евр 9:3-8; 10:19-22). кенеттен жоғарыдан төменге дейін қақ айырылып, екіге бөлінді. Жер сілкініп, жартастар жарылып, 52 қабір үңгірлері ашылды. Марқұм болған көптеген әділдердің27:52 Яки: қасиеттілердің (Құдай жолын қуғандардың). сүйектері қайта тіріліп, 53 қабірлерінен шықты. Олар кейінірек, Иса қайта тірілген соң, қасиетті қалаға27:53 Яғни Иерусалимге. барып, көптеген адамдарға көрінді.
54 Римдік жүзбасы және онымен бірге Исаны күзетіп тұрғандар жер сілкіністі және болған өзге оқиғалардың бәрін көргенде үрейлері ұшып: «Бұл шынымен Құдайдың рухани Ұлы екен!» — деп мойындады.27:54 27:43,45-46,50-52.