Pular para o conteúdo
Publicidade

Матай 4

Мәсіх Исаның сынақтан өтіп, әзәзілді жеңіп шығуы

1 Бұдан кейін Киелі Рух Исаны шайтанның сынағынан өтуі үшін айдалаға бастап алып барды. 2 Иса қырық күн, қырық түн ораза тұтып, соңында әбден ашықты.

3 Сонда азғырушы әзәзіл Оның қасына келіп:

— Егер Құдайдың рухани Ұлы болсаң, мына тастар нанға айналсын деп бұйыра гөр! — деді.

4 Иса оған былай деп жауап қатты:

— «Адам тек нанмен ғана емес, Құдайдың аузынан шыққан әрбір сөзімен өмір сүреді»4:4 Заң 8:3. деп (Тауратта) жазылған ғой!

5 Бұдан кейін әзәзіл шайтан Оны қасиетті қалаға (Иерусалимге) апарып, ғибадатхананың төбесіне шығарып, былай деді:

6 — Егер Құдайдың рухани Ұлы болсаң, төмен қарай секіре гөр! Өйткені «Періштелеріне Ол Сен жайлы бұйрық береді: Сен аяғыңды тасқа соғып алмауың үшін қолдарына көтеріп Сені алып жүреді»4:6 Жыр 90:11-12. деп (Забурда) жазылған ғой.

7 Иса оған жауап қайтарып:

— Алайда «Құдай Иеңді4:7 (Заң 6:16) Яки: Құдайың — Жаратқан Иені. еркінсіп сынама!» деп те (Тауратта) жазылған ғой! — деді.

8 Содан кейін әзәзіл шайтан Оны тағы да ертіп алып бір биік таудың басына шығарды. Оған әлемнің барлық мемлекеттері мен олардың сән-салтанатын көрсетіп:

9 — Егер аяғыма жығылып маған ғибадат етсең, бұлардың бәрін де Саған беремін, — деді.

10 Сонда Иса оған былай деп жауап қайтарды:

— Кет қасымнан, шайтан! «Құдай Иеңді терең қастерлеп,4:10 (Заң 6:13-14,20) Яки: Құдайың — Жаратқан Иеге иіліп ғибадат (немесе: тағзым) етіп. жалғыз Оған ғана қызмет ет!» деп (Тауратта) жазылған ғой!

11 Мұнан соң әзәзіл шайтан Оның қасынан кетіп қалды. Сол сәтте періштелер келіп, Исаға қызмет көрсетті.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também