18 Бірде Ғалилея көлінің жағасымен келе жатып, Иса ағайынды екі жігітті: Шимон Петір мен інісі Әндірді көрді. Балық аулап күнелтіп жүрген олар көлге ау салып жатты. 19 Иса оларға тіл қатып: «Соңымнан еріңдер! Мен сендерді балық аулағандарың сияқты бұдан былай адамдарды жинап әкелетін етемін»,4:19 Яки: адамдарды Құдай жолына түсірушілер етемін (4:17; Мар 3:14-19; Лұқ 10:1-9,16). — деді.
Publicidade