18 Бірде Ғалилея көлінің жағасымен келе жатып, Иса ағайынды екі жігітті: Шимон Петір мен інісі Әндірді көрді. Балық аулап күнелтіп жүрген олар көлге ау салып жатты. 19 Иса оларға тіл қатып: «Соңымнан еріңдер! Мен сендерді балық аулағандарың сияқты бұдан былай адамдарды жинап әкелетін етемін»,4:19 Яки: адамдарды Құдай жолына түсірушілер етемін (4:17; Мар 3:14-19; Лұқ 10:1-9,16). — деді. 20 Екеуі дереу ауларын тастап, Исаға шәкірт болып ерді.
21 Сол жерден әрі қарай кетіп бара жатып, Иса ағайынды тағы екі жігітті: Зебедейдің ұлдары Жақып пен Жоханды көрді. Олар әкелерімен бірге қайықта ауларын жамап отыр екен. Иса оларды да Өзіне шақырды. 22 Екеуі дереу қайықты да, әкелерін де тастап, Исаға шәкірт болып ерді.