19 Сондықтан кімде-кім ондағы өсиеттердің тіпті ең кішкентайын болса да бұзып, басқаларды соған үйретсе, Құдай Патшалығындағы адамдардың арасында оның жолы ең кішкентай болады. Ал өсиеттерді орындап, жұртты соған үйреткендердің Құдай Патшалығындағы жолы үлкен болады.
20 Сендерге айтамын: егер Құдайдың әділ еркін дін мұғалімдері мен парызшылдардан5:20 23:2-5,23-28; Лұқ 11:39-40; 18:10-14; Түсіндірмедегі «Дін мұғалімі» мен «Парызшылды» да қараңыз. артық орындамасаңдар, Оның Патшалығына еш кіре алмайсыңдар!