3 — Құдай алдында құр алақан тұрғандар бақытты:5:3 Яки: Өздерінің рухани жарлы, яғни Құдайдың кешірімі мен Киелі Рухына мұқтаж екендіктерін мойындағандарға Құдай риза болып, оларды жарылқайды (Тім1 2:3-4).
Құдайдың Патшалығы сондайларға арналған!5:3 25:34.
4 Күнәларына өкініп қайғырғандар бақытты:
Құдай оларды жұбататын болады!5:4 Иш 61:2-3; Лұқ 6:21.
5 Кішіпейіл жандар бақытты:
олар жерді иемденетін болады!5:5 Жыр 36:11.