43 Сендер «Маңайыңдағы адамды5:43 Яки: Басқаларды (өмір жолыңда Құдай саған кездестірген адамдарды). Немесе: Жақыныңды (19:19; Леу 19:18; Лұқ 10:27,29-36). жақсы көріп, жауыңды жек көр!»5:43 Заң 23:3,6; Жыр 138:19-22. дегенді де естідіңдер.
44 Ал Мен сендерге айтамын: жауларыңды жақсы көріңдер!5:44 Яки: жауларыңа мейірімділік пен сүйіспеншілік көрсетіңдер! (Лұқ 6:27-31; 23:34; Рим 12:14) Өздеріңді қудалағандар үшін Жаратқан Иеге мінажат етіңдер!5:44 Яки: Жаратқан Иеге сиыныңдар! (Лұқ 6:27-28,34-35; 23:34; Нақ 25:21)45 Осылайша көктегі Әкелеріңнің рухани балалары боласыңдар: Ол жамандарға да, жақсыларға да күн сәулесін бірдей түсіріп, әділдерге де, әділетсіздерге де жаңбырды бірдей жауғызады. 46 Ал егер өздеріңді жақсы көретіндерді ғана жақсы көрсеңдер, онда сендерге қандай сый берілмек? Тіпті күнәлі салықшылар5:46 9:9-10; Түсіндірмені де қараңыз. да солай етпей ме? 47 Сондай-ақ, өз бауырларыңмен ғана жарқын жүзбен амандассаңдар, онда басқаларға қарағанда қандай ерекше іс істейсіңдер? Тіпті Құдайға мойынсұнбайтындар5:47 Яки: жалған тәңірлерге құлшылық етуші бөтен ұлт адамдары (4:15; 6:7). да солай етпей ме? 48 Сонымен көктегі Әкелерің қандай мүлтіксіз болса, сендер де сондай мінсіз болыңдар!5:48 Лұқ 6:36; Леу 19:2; Пет1 1:16.