44 Ал Мен сендерге айтамын: жауларыңды жақсы көріңдер!5:44 Яки: жауларыңа мейірімділік пен сүйіспеншілік көрсетіңдер! (Лұқ 6:27-31; 23:34; Рим 12:14) Өздеріңді қудалағандар үшін Жаратқан Иеге мінажат етіңдер!5:44 Яки: Жаратқан Иеге сиыныңдар! (Лұқ 6:27-28,34-35; 23:34; Нақ 25:21)45 Осылайша көктегі Әкелеріңнің рухани балалары боласыңдар: Ол жамандарға да, жақсыларға да күн сәулесін бірдей түсіріп, әділдерге де, әділетсіздерге де жаңбырды бірдей жауғызады.
Publicidade