9 Сонымен Құдайға мына іспетті мінажат етіп сиыныңдар:6:9 Яки: Сонымен (Құдайдың еркі орындалсын деп шынайы сеніммен) Оған былай деп мінажат етіңдер (Жох 15:9-16; 16:23-24; Жақ 1:5-6).
Көктегі Әкеміз!
Сенің киелі есімің қастерлене берсін,
10 Патшалығың осында орнасын!6:10 Яки: Осы дүниеде ізгілікті билігің орнап, адамдар Саған мойынсұнсын! (3:2; Лұқ 11:2; Түсіндірмедегі «Құдайдың Патшалығын» да қараңыз.)
Сенің еркің көкте орындалғандай,
Жер бетінде де орындала берсін!
11 Күнделікті нанымызды бүгін де бере гөр.
12 Бізге күнә жасағандарды кешіргеніміздей,
Сен де күнәларымызды кешіре гөр.
13 Азғырылуымызға жол бермей,
Бізді жамандықтан сақтай гөр.6:13 Яки: Бізді азғыратын сынаққа түсірмей, әзәзіл шайтанның ықпалынан құтқара гөр (Қор1 10:13; Пет2 2:9; Жақ 1:13-15).
(Патшалық, құдірет және ұлылық
Мәңгі бақи Сенікі! Аумин.)