Басқаны айыптауға асықпай, әркім өз кемшілігіне назар аударсын
1 Құдай өздеріңе үкім шығармас үшін сендер басқаларға үкім айтпаңдар! 2 Себебі басқаларға қандай үкім айтсаңдар, өздеріңе де сондай үкім шығарылады. Сендер өзгелерге қолданған өлшем өздерің үшін де қолданылмақ.7:2 Яки: Өзгелерге қандай өлшемді қолдансаңдар, сендер сол өлшеммен бағаланып, сотталатын боласыңдар (Лұқ 6:37-38).