2 Себебі басқаларға қандай үкім айтсаңдар, өздеріңе де сондай үкім шығарылады. Сендер өзгелерге қолданған өлшем өздерің үшін де қолданылмақ.7:2 Яки: Өзгелерге қандай өлшемді қолдансаңдар, сендер сол өлшеммен бағаланып, сотталатын боласыңдар (Лұқ 6:37-38).
3 Неге бауырыңның көзіндегі жаңқаны7:3 Яки: тікенді (не сабан талшығын) (Лұқ 6:41). көре тұра, өз көзіңдегі бөренені байқамайсың? 4 Өз көзіңде бөрене тұрғанда бауырыңа: «Кәне, сенің көзіңнен жаңқаны алып тастайын» деп қалайша айта аласың?