2 Сонда алапеспен ауырған8:2 Алапес секілді тері ауруларымен науқастанғандар таза емес (арам) деп есептеліп, басқа адамдардан аластатылатын (Леу 13:1-46). біреу Исаның алдына келді де, тізе бүгіп тағзым етіп:
— Мырза, егер қаласаңыз, мені құлантаза сауықтыра аласыз, — деп өтінді. 3 Иса қолын созып, денесіне тигізді де:
— Қалаймын, құлантаза сауығып кет! — деді. Сол сәтте-ақ ауру адам алапесінен арылып, тазарды.
4 Иса оған:
— Байқа, бұл туралы ешкімге тіс жарушы болма! Бірақ діни қызметкерге барып, қарал. Содан кейін Мұса Тауратта бұйырған құрбандықты ұсын.8:4 Леу 14:2-32. Бұл жұртқа сенің сауыққаныңның дәлелі болады, — деді.