28 Иса шәкірттерімен бірге көлдің арғы бетіндегі Ғадара8:28 Немесе: Гергеса. (Ғадара және Гергеса деп те аталған Гераса Ғалилея көлінің оңтүстік-шығыс жағында орналасқан қалалар еді.) өңіріне жеткенде, жын соққан екі кісі Оған кездесе кетті. Қабірге арналған үңгірлер арасынан шыға келген олар құтырынған, аса қауіпті болатын. Сондықтан ешкім сол жолмен жүре алмайтын. 29 Кенеттен олар: «Құдайдың рухани Ұлы, бізде нең бар? Уақытынан бұрын бізді азаптауға келдің бе?» — деп айқай салды.
30 Алысырақта үлкен бір топ шошқа жайылып жүрген болатын. 31 Жындар: «Егер бізді қумақ болсаң, ана шошқаларға жібере гөр», — деп өтінді. 32 «Кетіңдер!» — деді Ол. Жындар сол екі кісіден шығып, әлгі хайуандарға енді. Кенеттен олардың бәрі тік жардан көлге қарғып, суға батып, қырылып қалды.
33 Бақташылары қашып кетіп, қалаға барып, бастарынан өткен оқиғаны әрі жын соққан екі кісімен не болғанын жұртқа түгелдей айтып берді. 34 Сонда бүкіл қала халқы Исамен кездесу үшін шықты. Оны көргенде: «Біздің жерімізден кетіңіз», — деп өтінді.8:34 Жар 26:16; Әйүп 21:14-15; Лұқ 5:8,37.